Oilprice.com мәліметтеріне орай, 22 қазанда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 110,50 долларға жетті. Баға 1,68 долларға немесе 1,54 пайызға өсті.

WTI маркалы мұнайдың бағасы да бір баррель үшін 98,41 долларды құрап, 1,30 пайызға қымбаттады, деп хабарлады Kazinform.

Ал Urals маркалы мұнай, керісінше, 0,84 долларға немесе 0,80 пайызға арзандап, бір баррелінің бағасы 104,76 долларға дейін төмендеді.

Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстың күшеюі мұнай жеткізілуіне байланысты қауіп-қатерлерді арттырып отыр.