баннер
14 Mar 2025
12:12

    ЕО-Орталық Азия елдерінің бірінші саммиті Өзбекстанда өтеді

    3-4 апрель күндері елімізге Еуропа Кеңесі Президенті Антониу Кошта мен Еуропа Комиссиясының Президенті Урсула фон дер Ляйен келеді. Бұл туралы Еуропа Одағының еліміздегі өкілеттігі хабарлады.

    Еуроодақ пен Орталық Азия елдері арасындағы алғашқы саммитке Өзбекстан Республикасы қонақкәделік жасайтыны белгілі. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшылары да қатысады.

    — Осы шара ЕО үшін аймақпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған мүдделерді қорғауға мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта. – Бүгінгі тез өзгеріп жатқан геосаяси жағдайда, атап айтқанда, Ресей-Украина соғысы, Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларда ЕО мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық жағынан маңызды орын иелеуде.

    ЕК басшысы Антониу Кошта бүгінде тәртіпсіздік пен бөлінуі күшейген әлемінде өмір сүріп жатқанымызды ескере отырып, ЕО үшін жалғыз дұрыс жол - күшті ынтымақтастық орнату арқылы бейбітшілік пен әл-ауқаттылықты қамтамасыз ету екенін айтқан.

    – Көпқырлы әлем жағдайында анағұрлым белсенді әрі нақты мақсатқа бағытталған ынтымақтастық қажет, – дейді ол. — І ЕО-ОА саммиті халықаралық құқықтық өлшемге толық сәйкес түрде тыныштық, қауіпсіздік және тұрақты даму жолындағы серіктестікті нығайтуға қатаң бел буғанымызды растайды.

    Соңғы жылдары ЕО мен ОА жоғары деңгейдегі қарым-қатынастың белсенділігін арттырды. 2022 жылдың октябрінде Қазақстан, кейінгі жылы июлінде Қырғызстан көшбасшыларының кездесуін ұйымдастырды. Сондай-ақ министрлер деңгейінде де бірқатар келіссөздер жүргізілді. 2023 жылы Люксембургте тараптар байланыстарды тереңдету бойынша бірлескен «Жол картасын» қабылдады. Осы құжатта өңіраралық диалогты нығайтуға бағытталған нақты әрекеттер, сондай-ақ жоғары дәрежелі саммті өткізу міндеті де белгіленген.

    2025 жылдың 4 мартында Түркіменстанның Ашхабад қаласында болып өтетін ЕО-Орталық Азияның 20- министрлер кездесуінде негізгі саммитке дайындық істері қаралады.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech