Жиналысқа тиісті министрліктер, мекемелер және сала бірлестіктері, коммерциялық банктер мен Қарақалпақстан Республикасының, облыстар және Ташкент қаласының жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.
Жауапты басшылар салалар мен аумақтар кесімінде экспорттық қызметтің бүгінгі жағдайы, жергілікті тауар өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдап-қуаттау бойынша қарастырылып жатқан іс-шаралар, осыған байланысты туындаған проблемалар туралы есеп берді. Кәсіпкерлер мен экспорттаушылардың мәселелерін шешуде қолдау көрсету жұмыстарының баяу жүргізілуіне байланысты басшылардың қызметі қатаң сынға алынды.
Атап айтқанда, Қарақалпақстан Республикасының, Әндіжан, Бұхара, Жызақ, Қашқадария, Науаи, Наманган, Самарқант, Сырдария, Ташкент, Ферғана, Хорезм облыстарының аудан мен қалалары әкімінің 31 орынбасары, сондай-ақ «Ўзтўқимачиликсаноат» бірлестігі мен «Ўзсаноатқурилишматериаллари» бірлестігі сияқты сала бірлестіктердің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда аталған басшыларға экспортшылармен облыс, аудан, қала және махаллалар деңгейінде мекендік ынтымақтастықты жандандыру міндеті тапсырылды. Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, олардың өндірісіне және экспорттық қызметке жан-жақты қолдау көрсету үшін кәсіпорындарға бекітілген қызметкерлер тиісті мекеме басшыларымен бірге жауапты екені айтылды.
Сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру, жаңа болашағы зор базарларын ашу және экспортқа жетізіп беру бағыттарын әртараптандыру үшін жаңа резерв пен мүмкіндіктерді анықтау және жұмылдыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажет екендігі айтылды.
Жиналыс соңында министрліктер, кеңселер, коммерциялық банктер мен жергілікті билік органдарының басшыларына берілген міндеттердің атқарылуы қосымша тапсырмалар берілді. Олардың дер кезінде орындалуын бақылау міндеті Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасына жүктелді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.