Шабуылшы топтық кезеңнің 3-турдын орын алған ойынның 10-минутында
айып алаңына асырылған допқа бірінші жетіп, қақпаға өте сүйір бұрыштан
тұрғанына қарамастан, қарсылас қақпашысының үстінен асырған керемет соққымен
есеп ашқан болатын.
«Сантиметріне дейін дәл есептелген және мінсіз орындалған бұл гол Өзбекстанның әлем чемпионатындағы дебютінің ең жарқын сәтіне айналды», – делінген FIFA сайтында.
Дауыс беру барысында Шомуродовтың добы Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Винисиус
Жуниор секілді әлемдік жұлдыздардың голдарынан да көп дауыс жинады.
Айта кетейік, Өзбекстан
ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысты. Топтық
кезеңде Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы
құрамаларына есе жіберген өзбекстандықтар турнирмен қоштасты.