Ең алдымен «Электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заң талқыланды

    Ел назарында 29 Avgust 2022 1937

    Бүгін, 29 августа өткен Олий Мажлис Сенатының Ғылым, білім және денсаулық сақтау мәселелері комитетінің мәжілісінде «Электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заң алдын ала талқыланды.

    Оған комитет мүшелері, министрліктер мен кеңселердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    2003 жылы «Электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның қабылданғаны белгілі және бүгінгі жаңарулар осы Заңға бірқатар өзгерістер енгізуге қажеттілік бар екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты бұл заң жаңа редакцияда әзірленді.

    Атап өткендей, Заңның мақсаты электрондыұ цифрлық қолтаңбаны пайдалану саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады. Заңның жаңа редакциясы қолданыстағыдан бірқатар жаңа нормалармен ерекшеленеді деп күтілуде.

    Атап айтқанда, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары айқындалуда. Сондай-ақ Үкіметтің электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану саласындағы өкілеттері енгізілді.

    Заңда іс жүзіндегі редакциядан айырмашылығы бірқатар нормаларға, сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану саласын мемлекет тарапынан реттеуді, электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін тіркеуге алу орталықтарының қызметін және электрондық цифрлық қолтаңба кілттерінің сертификаттарына қатысты басқа да ережелерге тиісті басқа да редакциялық өзгерістер де енгізілді.

    Мәжілісте Сенаттың кезектегі жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізуі жоспарланған өзге де мәселелер талқыланды.

    Мәжіліс соңында қаралған мәселелер туралы Комитеттің қаулылары қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates