Шавкат Мирзияев электротехника саласына қатысты кеңес өткізді

    Билік 26 Sentabr 2022 4917

    26 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев электротехника саласының басым бағыттары бойынша кеңес өткізді.

    Өнеркәсіптегі жаңғыртудың нәтижесінде электротехникалық желілер де өзгерді. Соңғы бес жылда өндіріс көлемі 4,5 есеге артты. Бұл өнім сапасының артқанын, нарықтың бар екенін аңдатады.

    Соның арқасында экспорт 5 есеге өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 750 млн доллардан асады деп күтілуде. 2017 жылы бұл салада 25 өнім экспортталған болса, биыл 200-ге жетті. Ферғана, Самарқанд, Қашқадария және Ташкент облыстарындағы 11 кәсіпорын алғаш рет сыртқы нарыққа шықты.

    Жиында «Узэлтехсаноат» бірлестігінің төрағасы М.Юнусов желідегі атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жылдарға арналған мақсатты индикаторлар туралы ақпарат берді. Атап өткендей, бүгінде құны 1 миллиард 200 миллион долларды құрайтын 205 жоба жүзеге асырылуда. Жаңа өнімдер мен қосалқы бөлшектерді локализациялау, экспорт көлемін 2023 жылы 1 миллиард долларға жеткізу жоспарлануда.

    Мемлекет басшысы келешегі зор жобаларды қолдап, желідегі басым міндеттерді атап көрсетті.

    – Тұрмыстық техника өндірісі артты, яғни халықтың сатып алу қабілеті өсті. Соңғы жылдары біздегі электротехника саласы «қайта туды». Енді оны одан әрі дамыту, өндірісті ұлғайту, жоғары қосымша құн құру қажет. Түпкі мақсат – жұмыс орны, деді Шавкат Мирзияев.

    Талдау нәтижесі бойынша, әлемдік нарықтардағы жағдай екі жылда экспортты 1,5 млрд долларға жеткізуге болатынын көрсетуде. Сондай-ақ біздің елде 1 млрд 300 млн долларды құрайтын импорт нарығы бар. Осы мүмкіндіктердің әділ үлесін алу үшін өнім ең алдымен сапалы және танымал болуы керек.

    Сондықтан да Президент жаңа отандық брендтер жасап, шетелдік брендтерді әкелу, өнімді тиісті сапада жасап, тұтынушылардың сеніміне ие болу керектігін айтты.

    Республика мен айналадағы нарықтарда жартылай өткізгіштер мен электронды платаларға сұраныс 6 млрд долларды құрайды. Сондықтан мұндай кәсіпорындарды көбейту, электроника және микроэлектроника саласындағы ғылыми, тәжірибелік-конструкторлық және стартап жобаларын қаржыландыру міндеті айқындалды. Тұрмыстық техниканы таңбалау, экспортты сақтандыру және несиені кеңейту бойынша тапсырмалар берілді.

    Тұрмыстық техника бар екен, қызмет көрсетуге деген сұраныс әрқашан болады. Кәсіптік-техникалық оқу орындарында жастарды осы бағытта оқыту оларды жұмыспен қамтамасыз етудің маңызды факторы болатыны айтылды.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің осы жылғы 9 қыркүйектегі жарлығына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін кеңейту бағдарламасы қабылданды. Онда 34 мың үйге, министрліктер мен ведомстволардың 6 мың нысанына осындай құрылғыларды орнату туралы шешім қабылданды. Тұрғындарға өтемақы алып, несиені 3 жылға пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік берілді.

    Тұтынушыларды баламалы энергия құрылғыларымен қамтамасыз ету мақсатында Қашқадарияда кластерлік кәсіпорын құру жоспарлануда. Жиында аталмыш жобаның барысы туралы ақпарат берілді.

    Электротехникалық желі мысқа қатысты екені белгілі. Соңғы жылдары жаңа кеніштер игеріліп, бұл шикізаттың қоры ұлғайтылды. Ахангаран ауданы мен Қаршы қаласында мыс кластерлері құрылуда. Мемлекет басшысы бұл кәсіпорындарда шетелдік менеджментті жолға қойып, терең өңдеу жобаларын, ғылым мен инновацияларды әкелу қажеттігін баса айтты.

    Бұл бағытта келесі жылы жоғары қосымша құн тудыратын 34 жоба іске қосылатыны айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates