Эндокринолог бауырды істен шығаратын үш өнімді атады

    Бауырдың сау болуы, нәтижелі жұмыс істеуі және ағзадан токсиндерді шығарып тастау үшін рационға майсыз ақуызды, көкөністерді және сапалы майларды қосу керек.

    Бұл туралы эндокринолог Екатерина Янг айтты.

    Оның айтуынша, бауырдың иммуноглобулиндерді, интерферондарды және антикорлар синтездеу үшін аминқышқылдары мен ақуыздарды қамтамасыз ету арқылы ағзадағы аурулар мен инфекцияларға қарсы күресуге көмектесетінін айтты.

    Бұл органға шамадан тыс ауырлық бермеу үшін дәрігер белгілі бір азық-түліктерді күнделікті рационнан шығырып тастауды ұсынды. Янгтың айтуынша,қайта өңделген тағамдар, әсіресе консервілер бауырды зақымдайды. Қабыну үдерістерін қоздыратын алкогольді ішімдіктер де зиян. Сонымен қатар, маман кофеин мөлшерін бақылауды ұсынды, деп хабарлайды mir24.tv.

    «Таңертең тамақтан 30 минуттан кейін, бір-екі кесе кофе ішу қауіпсіз». Дегенмен, кофеинді тым көп тұтыну уақыт өте келе денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін », - деп түсіндірді Янг.

    Шифорок тәттілер мен тез дайындалатын тағамдарды тұтынуда мөлшерді ұмытпау керектігін баса айтты.