Энергетика министрлігі Аджу университетімен кадрларды даярлау саласында өзара ынтымақтастық жасайды

    Білім 28 Iyun 2022 2820

    Өзбекстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Корея Республикасының Ташкент қаласындағы Аджу университеті арасында кадрларды даярлау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Тараптар төмендегі салалардағы ынтымақтастықты қолдап-қуаттайды және алға тартады:

    Жалпы мүддеге қатысты мәселелер бойынша мәліметтер, тәжірибе және практикалық тәжірибемен алмасу, министрлік және оның жүйелік ұйымдарының талабы негізінде Аджу университетімен келісе отырып, кадрларды даярлауды кезең-кезеңімен енгізу, университеттің тиісті білім бағыттары бойынша талаптарын 2-курстан бастап министрлік және оның жүйелік ұйымдарда біліктілік практикаларын өткізуін ұйымдастыру және бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастық жасайды;

    Министрлік тарапынан электроникалық және компьютер инженерингі салаларының болашақта кадрлар даярлауға тапсырыстарды қалыптастыру, бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптарын ынтымақтастықта істеп шығу, білім, ғылым-білім және өнім өндіру арасында интеграцияны тереңдету үшін ынтымақтастықта ғылыми мақалалар даярлау және оларды баспадан шығару, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар және тағы басқа түрдегі шараларды өткізеді;

    Профессор-оқытушылар, тірек докторанттар, тәуелсіз ізденулер мен дарынды студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуеті мен қызметінен тиімді пайдалана отырып, оларды дамытуға көмектеседі;

    Практикалық білім мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында оқу үдерісіне министрліктің білікті мамандары тартылады;

    Саладағы ең соңғы теориялық біліммен, өзерістермен бөлісу мақсатында университеттің профессор-оқытушылары министрлікке жұмылдырылады;

    Ынтымақтастықты дамыту барысында дарынды және әлеуметтік-экономикалық көмекке мұқтаж студенттерді материалдық және әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates