Ереже халықтың тұрғын үйлерін энергетикалық аудитін жүргізуге арналған қаражаттарын толығымен өтеуге, күн панелдерін, гелиоколлекторын, жылу сорғыларын және басқа да тұрмыстық жылыту қазандықтарын, құрылғылары мен жабдықтарын сатып алу қаражаттарының бір бөлігін өтеу үшін субсидиялар бөлу тәртібін белгілейді.

Субсидия өтініш берушіге тұрғын-үйлеріне энергияны үнемдейтін құрылғылар мен жабдықтар энергетикалық аудитордың қорытындысы бойынша орнатылған кезде беріледі.

Өтініш берушінің қондырғылар мен жабдықтары үшін төлемдер субсидия бөлінетін бөлігі шегергеннен кейін жүзеге асырылады. Құрылғылар мен жабдықтар қаражатының субцияланатын бөлігін Энергия тиімділігі ұлттық  агенттік жеткізіп берушіге төлеп береді.

Субсидия төмендегі мөлшерлерде бөлінеді:

Халықтың тұрғын үйлерін энергетикалық аудитін жүргізуге арналған қаражаттардың 100 пайызы мөлшерінде;

тұрғын үйлерге күн панелдерін, гелиоколлекторын және басқа да тұрмыстық жылыту қазандықтарын, тұрғын үйлерге арналған құрылғылар мен жабдықтарды сатып алу және орнату құнының 20 пайызы мөлшерінде;

тұрғын үйлер үшін жылу сорғыларын сатып алу және орнату қаражаттарының 40 пайызы мөлшерінде, мұнда осы бағытқа бөлінетін субсидия мөлшері базалық есептеудің 50 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Егер өтініш беруші коммерциялық банктерден «жасыл» несие алу мақсатында тұрғын үй энергетикалық аудитін жүргізуге сұраныс жіберу арқылы келісімшартты ресімдесе, келісімшарт қаржысы 100 пайыз мөлшерінде алдын ала аударылады және платформада уақытша сақталады.