Мүгедектерді жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерге субсидия бөлінеді

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Мүгедектігі болған тұлғалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге қатысты қосымша іс-шаралар туралы» жарлығы ( ПФ-85-санды, 08.05.2025 ж.) қабылданды.

    Жарлықпен негізгі мақсаттар етіп төмендегілер белгіленді:

    Мүгедектігі болған тұлғалардың тиімді жұмыс істеуіне арнайы қызметтер жүйесін енгізу;

    мүгедектігі болған жастарды заманауи кәсіпкерлікке оқыту, олардың еңбек базарына шығуына қосымша мүмкіндіктер жасау;

    2025 жылдың соңына қарай 80 мың мүгедектің тұрақты жұмыспен қамтылуы мен лайықты табыс табуын қамтамасыз ету.

    2025 жылдың 1 июлінен бастап:

    I және II топтағы мүгедектерді жұмыспен қамтыған кәсіпорын субъектілеріне 50 миллион сумға дейін субсидия бөлінеді;

    субсидия сурдоаудармашы, психолог және серіктестік қызметті ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды жабуға бөлінеді;

    жеке тұлғаларға серіктестік қызметті өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде көрсетуге рұқсат беріледі.

    Сондай-ақ, «Бірыңғай ұлттық әлеуметтік қорғау» ақпараттық жүйесінде Еңбекке қабілетті мүгедектердің электрондық реестрі жүргізіледі.