Өзбекстанда энергия көздерін көбейту және оларды үнемді пайдалану мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген. Соңғы алты жылда 5 мың мегаватттан астам жаңа электр энергиясы жасалды. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында қосымша 726 миллион киловатт сағат электр энергиясы өндірілді.

Сонымен қатар биыл 3 миллиард 400 миллион киловатт сағат электр энергиясы тапшы болуы, жаздың ыстық күндерінде оған деген тәуліктік қажеттілік қазіргі 195 миллион киловатт сағаттан 255 миллион киловатт сағатқа дейін артуы мүмкін.

Жиында осы сұранысты қамтамасыз ету және электр желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Шенеуніктер биылғы жылы 2 мың мегаватт күн және жел электр стансаларының іске қосылуы, кәсіпорындарға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға 1200 мегаваттық күн батареяларын орнату туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы талдау негізінде бұл жұмыстардағы артта қалған тұстарға тоқталды. Жағдайды білмейтін, жалқаулыққа жол берген кейбір аудан, қала әкімдеріне «Сөгіс», берілді.

Осы саланы ынталандыру мақсатында Президенттің «Жасыл энергия» сертификаттау жүйесін енгізу туралы шешіміне қол қойылғаны белгілі болды. Бұл ретте 1 шілдеден бастап су электр станцияларында өндірілетін электр энергиясы үшін «жасыл» сертификат беріледі. Бұл жүйе 1 қазаннан бастап жаңартылатын энергия көздерінен алынатын барлық электр энергиясына енгізілетін болады.

Кәсіпкерлікті қолдау қоры барлық сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарына күн батареялары үшін несие төлемдерінің 4 пайызын өтейді. 100 миллион доллар халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылып, тұрғындар мен кәсіпкерлерге тиімді шарттармен бөлінеді.

Шенеуніктерге бұл жүйені енгізу, тұрғындар мен кәсіпкерлерді ынталандыру, әлеуметтік сала мен мемлекеттік мекемелерге шағын күн батареяларын орнату тапсырылды.

Жиында электр желілерін жөндеу мәселесіне баса назар аударылды.

Осыған орай Ташкент қаласында бағдарлама қабылданып, жұмыс басталған. Осы уақытқа дейін 667 шақырым электр желісі мен 175 трансформатор жаңартылды.

Облыс әкімдеріне электр жабдықтары мен материалдарының қорын жасап, биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтау тапсырылды. Ол үшін қосымша бригадалар құрылып, білікті мамандар тартылады.

Электр қуатын берудегі үзілістердің алдын алу үшін 1 маусымнан бастап жылу электр станцияларына қазіргіден 6 миллион текше метрге артық газ беру туралы шешім қабылданды. Сырдария ауданында «ACWA Power» компаниясы салып жатқан электр станциясының алғашқы 500 мегаватты да осы жазда пайдалануға берілмек.

Осы жылдың 13 ақпанында Өзбекстан Президентінің «Отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру шаралары туралы» шешімі қабылданған еді. Осыған орай, Бас Прокурордың заңнаманың сақталуына жауапты орынбасары лауазымы енгізіліп, кешенді бақылау жүйесі құрылды. Бүгінгі күнге дейін 250 миллиард сумдық энергия ресурстарының заңсыз пайдаланылғаны анықталып, келтірілген шығын өндірілді.

Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жалғастырып, заңсыз тұтынуды тоқтату керектігін қадап айтты.

Сондай-ақ энергияны үнемдеу және көмір өндіруді арттыру мәселелері де сөз болды.

Саладағы тағы бір маңызды мәселе – бензин мен дизельдік отынмен қамтамасыз ету. Бұл өнімдерді Өзбекстанға әкелуге қойылған шектеулер алынып тасталды. Орындарда 1 миллион тонна жанар-жағармай сақтау сыйымдылығы бар. Осыны пайдалана отырып, әр облыста бензин мен дизель отынының қорын қалыптастыру керектігі айтылды.

Кейінгі кездері электромобильдер танымал бола бастады. Биыл Өзбекстанға 5 мыңға жуық көлік әкелінді. Бұл үшін жағдай жасау үшін берілген жеңілдіктерді пайдаланып, орындарда қуат алатын құрылғыларды көбейту керектігі айтылды.