Оған Агенттік басшысы А.Ирматов, Корея Республикасының Адам ресурстарын дамыту қызметінің Өзбекстан Республикасындағы «EPS» орталығының басшысы Квон Таэкём, тағы басқа да жауапты тұлғалар қатысты.
Кездесуде Корея Республикасынан берілген хат негізінде 2022 жылдың 1 апрелінен бастап шет мемлекеттерден Крея Республикасына барған жұмысшылар үшін карантинде болу мерзімі 7 күннен 3 күнге дейін қысқартылып, жағдайға байланысты карантиннен босатылуы мүмкін екені айтылды.
2022 жылдың 1 апрелінен бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан бекітілген вакциналардан (Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Sinovac) бірінің екінші дозасын алғаннан соң 180 күннен кейін азаматтар вакцинаның үшінші дозасымен тұратын жердегі емханаларда екпе алуы талап етіледі, деп хабарлайды Сыртқы еңбек миграция агентігінің баспасөз қызметі.