Онда Сенаттың кезектегі жалпы мәжілісінің  күн тәртібіне енгізілген заңдар мен өзге де мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Комитет талқылауға қойған  «Жер учаскелерін өтемақы төлеу есебіне қоғам қажеттіліктері үшін алып  қою тәртіп-қағидаттары туралы» және «Жер учаскелерін өтемақы есебіне қоғам қажеттіліктері үшін алып қою тәртіп-қағидаттарын жетілдіруге қатысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар  енгізу туралы» заңдар да қаралды.

Көптен бері жер учаскелерін қоғам қажеттілігі үшін алып қою жеке және заңды тұлғалардың меншік құқығын күшейту мәселесі заң деңгейінде шешу өзекті мәселе болып келеді.

Сондай-ақ, жер учаскесі немесе оның бір бөлігін қоғам қажеттілігі үшін алып қоюдың нақты тәртібі-қағидалары мен механизмдері қолданыстағы заңдылықта да нақты белгіленбегеніне де бірқатар қарсылықтарға себеп болуда.

Осы факторларды ескере отырып, Заңда жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін немесе оның бір бөлігін қоғам қажеттілігі үшін сатып алуы нәтижесінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік үшін өтемақы төлеу тәртібін белгілейді. Өтемақы орнына жер учаскесіне қоғам қажеттілігі үшін алып қоюға негіз болатын жағдайлардың тізімі нақты көрсетілген. Тізімге енгізілмеген  себептер бойынша жер учаскелерін қоғам қажеттілігі үшін алып қою ретінде талқылануда.

Заңға сәйкес тәркіленген жер учаскесіндегі өз бетінше салынған тұрғын үй, өндірістік және өзге де ғимараттар мен құрылыстардың базар құны толығымен өтеледі.

Күнделікті өмірде осы жағдайға байланысты бірқатар мәселелер де заңды шешімін табуда.

Сонымен қатар, Комитет мәжілісінде Өзбекстан Республикасының Мемлекет бюджетінің 2021 жылғы және 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы атқарылуы туралы есебі талқыланды.

2021 жылы әлем бойынша көптеген елдердің экономикаларында тіктелу үдерісі байқалған, сондай-ақ  2021 жылдың қорытындысымен дер кезінде  тиімді жүргізілген фискалдық және монетарлық саясаттың нәтижесінде Өзбекстан экономикасы 7,4 пайызға өсіп, ЖІӨ көлемі 734 триллион 600 миллиард сумды немесе 69,2 миллиард долларды құрады. 2022 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ 5,8 пайызға өскен.

Сонымен қатар, жалпы қосылған құн 2021 жылы 7,5 пайызға өсіп, 681 триллион 400 миллиард сумды құрады.

Сондай-ақ, 2021 жылы Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 2020 жылмен салыстырғанда 16,0 пайызға өсіп, 42,1 миллиард долларды құрады.

2021 жылы мемлекет бюджетінің кірісі 164 триллион 800 миллиард сумды құрап, 147 триллион 700 миллиард сум болжамынан 111,6 пайызға немесе 17 триллион 100 миллиард сумға асығымен орындалған, 2020 жылға қарағанда 31 триллион 900 миллиард сумға өскен.

2022 жылдың 1 тоқсанында Мемлекеттік бюджет кірісінің белгіленген 39,1 триллион сум болжамы іс жүзінде  мемлекеттік мақсатты қаражатсыз 41,9 триллион сумға немесе 2,8 триллион сумға (107,2 пайыз) асығымен орындалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 8 триллион сумға өскен.

Сонымен қатар, Мемлекеттік бюджет кірістерінің өсуіне соңғы жылдардағы салық саясатындағы өзгерістер, бұрын берілген салық жеңілдіктерінің жойылуы, экономика секторларында жүргізілген реформалар есебінен салық  базасының кеңеюі әсер еткені айтылды.

Мәжілістің қорытындысы бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.