Бұл туралы Иран Ислам Республикасының вице-президенті әрі Атом энергиясы ұйымының басшысы Мухаммад Эслами хабарлады деп жазады ТАСС.
«Бұл мәселе олардың барлық санкцияларды алып тастау-тастамауына байланысты», – деп Эсламидің журналист сұрағына берген жауабын келтіреді Tasnim ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар вице-президент Тегеран мен Вашингтон Оман елінде өткен келіссөздер барысында Иранның жоғары деңгейде байытылған уранын басқа елдерге экспорттау мәселесін талқыламағанын айтты.
6 ақпан күні Оман астанасында Иран мен АҚШ арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты дағдарысты шешу жөніндегі келіссөздердің жаңа кезеңі өтті. Иран делегациясын сыртқы істер министрі Аббас Арагчи, ал Америка делегациясын президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф басшылық етеді, деп хабарлады belta.by.