Ертең кезектегі «Автомобильсіз күн» акциясы өткізіледі

    Ел назарында 21 Yanvar 2025 1037

    Республиканың барлық аумақтарында 22 январь күні жылдың алғашқы «Автомобильсіз күн» акциясы болып өтеді.

    Ертең Қарақалпақстан Республикасы мен облыс орталықларында, сондай-ақ Ташкент қаласында орналасқан барлық мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ барша жерлестерімізге жеке көліктерден бас тартып, тұрғындарға зияны азырақ қоғамдық көлік, велосипедпен жүру ұсынылады.

    Мәлімет ретінде, акция Өзбекстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 февральдағы 37-санды қаулысына сәйкес әр айдың төртінші сәрсенбісінде өткізіледі деп жоспарланған.