Ертең «Көліксіз күн» акциясы өтеді

    Ел назарында 27 May 2025 1169

    Салауатты тұрмыс салтын насихаттау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және ірі қалаларымызда автокөлік қозғалысынын азайту мақсатында ертең, 28 май күні Нөкіс, Ташкент қалаларында және барлық облыс орталықтарында кезектегі «Автокөліксіз күн» акциясы өткізіледі.

    Дәстүрлі түрде, сол күні мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтарға жеке көліктерді пайдаланбауға, қоғамдық көлікті, жаяу жүру, велосипедпен және басқа да экологиялық таза көліктерден пайдалануға кеңестер ұсынылады. Мұндай шаралар атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін, қалаларымыздағы шуды азайтып, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталады.

    Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 21 февральда қол қойған 37-санды Жарлығына сәйкес, «Автокөліксіз күн» акциясы әр айдың төртінші сәрсенбісінде өткізіледі.