«Көліксіз күн» акциясы өтуде

    Ел назарында 25 Fevral 2025 1014

    Үстіміздегі жылдың 26 февраль күні Ташкент және Нөкіс қалаларында, сондай-ақ республиканың барлық облыстарының орталықтарында кезекті «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді.

    Акция Өзбекстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 февральдағы 37-санды қаулысына сәйкес әр айдың төртінші сәрсенбісінде өткізіледі.

    Бұл күні мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне және барша жерлестерімізге жеке көліктерден бас тартуға, қоғамдық көліктерден бас тарту, қоршаған ортаны ластамайтын қоғамдық көліктері мен велосипед және тағы басқа көліктерді пайдалануға кеңес беріледі.

    Айта кетерлігі, қоғамдық көлікті пайдалану атмосфераға зиянды заттардың шығарылу деңгейін төмендетуге, жол инфрақұрылымына қысымды азайтуға және қалалардағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.