«Еуропа Одағы – Орталық Азия» министрлерінің кездесуі өтті

    2021 жылғы 22 ноябрьде Душанбе қаласында «Еуропа Одағы — Орталық Азия» формасындағы 17-министрлер кездесуі өтті.

    Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі қатысты. Онда Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, қауіпсіздіктің жалпы ділгірліктері, сауда, инвестиция, экология салаларында ынтымақтастықты кеңейту болашағы, сондай-ақ аймақаралық байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов өз сөзінде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық моделін қалыптастыру, ұзақ мерзімді болашақта өсудің жаңа нүктелерін анықтау бойынша қатаң шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

    Тарифтерді сәйкестендіру, кедендік рәсімдерді жеңілдету, барлық бизнес субъектілеріне бірдей тең жағдай жасау, цифрлық технологиялардан тиімді пайдалану, аймақаралық және өңіраралық сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру үшін мол мүмкіндіктер бар екені айтылды.

    Ауғанстандағы гуманитарлық апаттың алдын алу, елді аймақтық экономикалық үдеріске тарту, ауған тарапымен конструктивті диалогты орнату үшін шұғыл және өзара келісілген шараларды қабылдау қажет екендігі атап өтілді.

    Жиын қатысушыларына Өзбекстанның жасыл экономика қағидаттарын енгізу, экология мен биоәртүрлілікті сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытында атқарып жатқан іс-шаралары туралы да мәлімет берілді. Өзбекстан тарапы Еуропалық Одақпен осы саладағы байланысты, сонымен қатар, БҰҰ-ның Аралбойы өлкесі үшін адам қауіпсіздігі жөніндегі көпжақты Траст қоры аясындағы қарым-қатынастарды кеңейтуге дайын екендігі атап өтілді.

    Кездесу соңында Бірлескен коммюнике қабылданды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates