Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент ассамблеясының төрағасымен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

    Қауіпсіздік 26 Avgust 2021 1621

    Сенат төрағасының бірінші орынбасары С. Сафоев Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент ассамблеясы төрағасы М.Седерфельдің Орталық Азия елдерінің парламенттері тұрақты делегациясымен өткен онлайн кездесуге қатысты.

    Сондай-ақ, шараға Парламент ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблеяның Орталық Азия және Монғолия бойынша арнайы өкілі П.Каума, Парламент ассамблеясының бас хатшысы Р.Монтелла, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Орталық Азия елдеріндегі миссияларының басшылар қатысты.

    Кездесуде ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті ыамтудағы рөлі, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға, осы елдегі жағдайға байланысты мәселелер толық талқыланды. Сонымен қатар Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруда құрылымдардың қатысуы механизмдері, жүйелі парламентаралық сұхбат жүргізу және “қатерлердің көрші елдерге таралып кетпеуіне” жол қоймау бойынша жедел шаралар қарастыру туралы пікір алысылды.

    Өз кезегінде, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент ассамблеясы төрағасы М.Седерфельд Өзбекстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі конструктивті әрі дәйекті ұстанымын жоғары бағалады. Ол Ташкенттің осы мемлекеттегі жағдайды тұрақтандыру және Орталық Азия мемлекеттері қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде парламент дипломатиясы механизмдерін максималды дәрежеде пайдалану бастамаларын мақұлдады. Ол Өзбекстанмен жақын ынтымақтастыққа дайын екенін айтып өтті.

    Шара нәтижесінде тараптар қауіпсіздік саласында аумақтық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ шекара бақылауын нығайту бағдарламаларын жүзеге асыруға келісіп алды, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates