ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтті

    2021 жылғы 2 декабрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Стокгольмде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 28- отырысына қатысты.

    Швеция төрағалығымен өткен кездесуде ЕҚЫҰ кеңістігіндегі әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адамилық өлшемдер ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов өз сөзінде жиынға қатысушыларды елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігі бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы таныстырды.

    Өзбекстан мен ЕҚЫҰ ортасындағы ынтымақтастығы соңғы жылдарда оңды дамып келе жатқаны, соның ішінде қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде техникалық көмек көрсету бойынша жобалардың жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Өзбекстан тарапы ынтымақтастықты жалғастырып, барлық бағыттар бойынша өзекті бағдарламалардың санын арттыруға дайын екендігі атап өтілді.

    Айтылғанындай, ЕҚЫҰ жұмысындағы экономикалық және экологиялық факторлардың рөлін күшейтудің маңыздылығы атап өтілді, бұл кең қамтылған қауіпсіздік концепциясын неғұрлым толық іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, өзара сауданы кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету, аграр секторда жаңа технологияларды енгізу, табиғатты қорғау және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы байланыстарды жандандыру бойынша бірлескен іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет.

    ЕҚЫҰ-ның серіктес-мемлекет саналған Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылды. Өзбекстан Сыртқы істер министрі бұл мемлекеттегі гуманитарлық апаттың алдын алу үшін ауған халқына қажетті көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates