Автобустар қатынауы таңғы сағат 05:30 дан кешкі сағат 18:30-ға дейін, әр сағат сайын жүретін болады.

Қазірде белгіленген тәртіпте 15 күндік сынақ мерзімінде қызмет  көрсетуде. Мамандар  бағыт бойынша тұрғындарға мониторинг жүргізуде.

Мониторинг нәтижесінде әлеуметтік, экономикалық талдаулар жасалып, автобустар қатынауына байланысты қосымша іс-шаралар белгіленіп, тұрақты тәртіппен қатынауларды жүзеге асыру графигі енгізіледі, сондай-ақ қатынау жалғасады. Осы бағыт  Риштон, Бағдод аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетіп, жолақы бағасы 7-14 мың су айналасында болуы мүмкін. Сонымен қатар Wi-Fi, кондицонер, кулер, мұздатқыш және санузелге ие болған YUTONG автобусы бір уақыттың ішінде 51 жолаушыны тасу мүмкіндігіне ие болады. Автобус бағыты график негізінде жолаушыларды 1 сағат 50 минутта өз мекеніне жеткізеді.