Ферғана тоқымашылық өнімдерін Германия мен Еуропа базарына шығару мүмкіндіктері кеңейеді

    Бизнес 20 Oktabr 2022 2046

    Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров Германия трикотаж өндірушілері конфедерациясының (Gesamtmasche) және Sequa халықаралық ынтымақтастықты дамыту ұйымының өкілдерін қабылдады.

    Кездесуде Ферғана мақта-тоқымашылық өнеркәсібі өнімдерінің Германия мен Еуропа базарына шығару мүмкіндіктерін кеңейту, ол үшін облысқа тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.

    Сұхбатта Өзбекстан мен Германия қарым-қатынастары түрлі бағытта нығайып келе жатқаны, атап айтқанда, Ферғана облысымен Германия арасындағы ынтымақтастық байланыстары делегацияның сапары аясында жақсы жолға қойылғаны атап өтілді.

    Германия трикотаж өндірушілері конфедерациясының бас менеджері Сильвия Жангбауер, Германия тарапынан қаржыландырылған жоба арқылы заманалық технологиялармен жұмыс істей алатын жұмысшы-мамандарды оқыту, облысымызда өндірілетін дайын текстил өнімдерін сертификаттау, халықаралық базарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үдерісіндегі проблемаларға шешім табуға іс жүзіндік көмек көрсету мақсат еткеніне назар аударды.

    Облыс басшысы Хайрулло Бозоровтың ұсынысымен Ферғана облысына германиялық кәсіпкерлерді әкеліп, олармен талшықтан дайын өнімге дейінгі заманауи өндіріс тізбегін қалыптастыруда ынтымақтастық бойынша іс-шараларды жасау және аз уақытта ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланды, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates