Қазірде нәрестелер мен анасының жағдайы жақсы. Дәрігерлер де оларды тұрақты бақылауға алған.
— 2016 және 2017 жылы да перзентті болған едік, — дейді “батыр” ана Муннавархон Одилова. — Үлкен перзенттеріміз қыз еді. Енді үш ұл және үш қызды болдық, Аллаға шүкір, өте бақыттымыз. Дәрігерлерге де алғысымыз шексіз.
Қуанышы шексіз ата-ана сәбилеріне Тулқинбой, Абдукарим, Абдухаким және Зилола деп ат қойды.
Қалалық АХАТ органының қызметкерлері туу кешеніне барып, қос егіздер дүниеге келгендік туралы туу куәлігін салтанатты түрде тапсырды.