Кездесуде Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен Ферғанада құрылатын және заман талабы дәрежесінде жиһаздалатын көптармақты медициналық орталық құрылысының үдерісі талқыланды.

Файзулло Қосимов қонақтарға келгені  үшін алғыс білдіріп, Ферғана облысы туралы, облыстың шетелмен байланысы туралы, инвестициялық әлеуеті және медицина саласында қол жеткізген жетістіктері туралы толық мәлімет берді.

Сұхбат кезінде құрылуы көзделген медициналық орталыққа бөлінген жер, оған коммуникациялық тармақтардың тартылуы, ынтымақтастықтық іс-шаралар туралы айтылды. Соңында алға қойған жоспарларды келісіп алды.

— Республикалық денсаулық сақтау министрлігінің ризалығымен және Қаржы министрлігінің келісуімен Дүниежүзілік банктің есебінен облысымызда көптармақты медициналық орталық құру жоспарланған. Жаңа жоба Ферғана қаласында жүзеге асырылады. Ең озық медициналық жиһаздармен қамтамасыз етілген орталық құрылады. Халқымыздың денсаулығын нығайту жолында тағы бір қадам тастаудамыз, — деді кездесуге қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығы Хусан Мамажонов.