Осы үшін үкіметтің арнайы қаулысы да қабылданған. Іс жүзінде болса, жылдар бойы осы ақша кітапханашыларға төленбей келген. Сожида Рахмонованың Учкуприк аудандық әділет бөліміне жүгінудің басты себебі де сол.

– Бұрын «тозаң төлемі» төленетін. Алайда, соңғы жылдары бізге берілген жеңілдік қаржы неге екені белгісіз төленбей қалды, – дейді Сожида Рахмонова. – Өйткені мыңдаған ескі және жаңа кітаптар сақталған кітапханаларда шаңға байланысты аллергиялық  аурулардың жиі кездесетінін білесіз. Достарымның кеңесімен аудандық әділет бөліміне өтініш жасадым.  Менің өтінішімнің заңды және оң шешімін тапты. 2021-2022 оқу жылдары үшін бұл төлемді толықтай алдық.

Холинса Турғунованың әкесі Зухра есімін жақсы көретіндіктен, оны жастайынан «Зухра» деп атайды. Бұл бүкіл махаллада әдетке айналды. Араға жылдар салып, Ташкент облысынан Учкуприк ауданына келін болып түскен Холинсаның екінші есімі де өзімен бірге «келді». Алайда жылдар өткен соң, зейнеткерлікке шығуға құжат дайындау барысында осы екі есімге қатысты мәселелер туындады. Аудандық әділет басқармасына жүгінген Холинса апаның мәселесі сотта оң шешімін тапты.

   – Әкем марқұм «Тахир мен Зухра» фильмін қатты жақсы көретін. Сондықтан жас кезімде мені Зухра деп еркелететін. Бұл біздің отбасымызда, ауылымызда жылдар бойы әдетке айналды, – дейді Холинса Тұрғынова. — 1984-1997 жылдары құжаттардың өзі «Холинса» емес, «Зухра» болып жазылды. Мен зейнеткерлікке шыққанда осындай қызық мәселеге тап болдым. Бір қуанарлығы, әділет өкілдері менің арызымды сотта оң шешіп берді.     

Әділет бөлімің негізгі міндеттерінің бірі — халыққа құқықтық көмек көрсетумен бірге, олардың әлеуметтік өмірде бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және іс жүзіндік көмек көрсету болып табылады. Бір ғана Ферғана облысы бойынша биылғы жылдың өткен кезеңінде әділет органдарына 5 мыңнан астам өтініш түсіп, жеке және заңды тұлғалардан 4 миллиард сумнан астам қаржы өндірілді.

Бір айта кетерлігі, аталған өтініштердің 27 пайызы жергілікті жерде ұйымдастырылған жылжымалы қабылдаулар барысында жұмыс жүргізушіге қабылданған, ол олардың 80 пайызға жуығы оң шешімін тапты.

 

Элёржон Эксанов,

Ферғана облыстық Әділет басқармасы

жұртшылықпен жұмыс жасау бойынша

жетекші кеңесшісі.