Кездесуде малайзиялық инвесторлардың Ферғана облысында жүзеге асыруы жоспарланған жобалар талқыланды.

Сұхбат барысында Малайзия тәжірибесі мен технологиялары негізінде 22 қабатты 300 орындық қонақүй құрылысының жобасы әзірленгені, тез арада осы жобаның тұсаукесері өткізілуі және Ферғана қаласында құрылыс істерінің басталуы, бұл жобаның облыста жүзеге асырылуы үдерісіне шетелдік мамандардың жұмылдырылатыны айтылды.

Әкім орынбасары ұсынылған жобалардың облыс үшін маңызы өте зор екенін, жобаларды жүзеге асыруға облыс әкімдігі өз өкілеті аясында қолдау көрсететінін айтты.

Кездесу соңында талқыланған ынтымақтастық жасау бойынша келісіп алған барлық мәселе бойынша облыс әкімдігі мен Малайзияның «Clipper Associates» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.