FIFA президенті бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін Мексика Президенті Клаудия Шейнбауммен тамаша әңгіме болды. Мен қабылдаушы елге толық сенетінімізді тағы да атап өттім. Біз турнирдің барлық жоспарланған матчтарын асыға күтеміз, бұл бүгінге дейінгі ең ауқымды әрі ең инклюзивті FIFA Әлем чемпионаты болады», — деп жазды Инфантино Instagram-да.

Айта кетейік, бұған дейін Мексиканың федералдық қауіпсіздік күштері Халиско штатының астанасы Гвадалахарадан шамамен 130 шақырым оңтүстікте орналасқан Тапальпа елді мекенінде «Халиско жаңа буыны» (CJNG) картеліне қарсы әскери операция жүргізген.

Қақтығыстар кезінде «Эль Менчо» лақап атымен танымал CJNG жетекшісі Немесио Осегуэра Сервантес өлтірілгені хабарланған.

 Операциядан кейін Халиско штатында және елдің бірқатар өңірінде жолдар жабылып, көліктер мен коммерциялық ғимараттар өртелген, болжам бойынша қылмыстық топтың кек алу мақсатында.

Халиско штатының билігі тұрғындарды үйлерінде қалуға шақырып, қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатты және қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты «қызыл қауіп» жариялады, деп хабарлады oz.inform.kz.