FlyArystan әуе компаниясы Астанадан Ташкентке рейс ашты

    Қазақстанның FlyArystan лоукостер әуе компаниясы Астана мен Ташкентті тікелей рейстермен байланыстырды.

    3 июль күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:55-те бортында 180 жолаушысы бар ұшақ Ташкент халықаралық әуежайына қонды. Әуежайда жаңа бағыттың ашылуына арналған салтанатты шара өтіп, оған «Uzbekistan Airports» АҚ басшылығы, Қазақстан елшілігі мен әуе компаниялары өкілдері қатысты.

    «Астана-Ташкент-Астана» бағыты бойынша ұшулар Airbus A321 ұшақтарымен аптасына екі рет – дүйсенбі және сәрсенбі күндері жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ әуе компания жақын арада ұшу картасын Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа бағыттармен толтыруды жоспарлап отыр.

    FlyArystan – Қазақстанның лоукостер ауетасушысы болып, штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Компания Қазақстанның ең ірі арзан авиакомпаниясы. Компания Қазақстандағы ең ірі Air Astana әуе компаниясы негізінде құрылған.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates