Бұл туралы Uzbekistan Airports хабарлады.
Хабарда айтылғандай, биыл 30 наурыз күні Шанхайдан ұшып шыққан MU6037 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де Ташкент халықаралық әуежайына келіп қонды.
Бортында 265 жолаушы болған ұшақ дәстүр бойынша су аркасымен қарсы алынып, экипаж мүшелеріне гүл шоқтары табысталды. Сонымен қатар, елорда әуежайында Ташкенттен Шанхайға аттанған алғашқы жолаушылар да салтанатты түрде тіркеуден өтті.
Рейстер аптасына төрт рет — дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Airbus A330 ұшақтарымен жүзеге асырылады. Ұшу ұзақтығы шамамен 8 сағатты құрайды.
Мәлімет үшін, China Eastern Airlines 1988 жылы құрылған, штаб-пәтері Шанхай қаласында орналасқан Қытайдың жетекші әуе компанияларының бірі болып табылады.
Әуе тасымалдаушысы Өзбекстан нарығына алғаш рет өткен жылдың шілде айында Сиань – Ташкент – Сиань бағытын ашу арқылы кірген болатын және бұл бағыт қысқа уақыт ішінде жолаушылар арасында танымал болды.