Бұл туралы Uzbekistan Airports АҚ хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Centrum Air әуе компаниясының Ташкент – Дубай бағыты бойынша C6-351 рейсі Ташкент халықаралық әуежайына қайтып жатыр.
Сондай-ақ Uzbekistan Airways әуе компаниясының Ташкент – Дубай бағыты бойынша HY-333 рейсі де ұшу әуежайына кері қайтарылып жатыр.
Рейстердің кері қайтарылуы БАӘ әуе кеңістігінің ішінара жабылуына байланысты екені хабарланды.