Сайт тесттік режимде жұмыс істейді
Лого Лого-пв-уз

    Фурқат туралы деректі фильм түсірілуде

    Мәдениет 27 Iyul 2021 204

    Өзбек қайраткері Фурқаттың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм түсірілуде.

    Кинематография агенттігінің тапсырысына орай “Деректі және хроникалық фильмдер киностудиясы” МУК тарапынан жетік өзбек қайраткері Зокиржон Холмухаммадұлы Фурқаттың өмірі мен шығармашылығына арналған  “Ғурбатда Фурқат бор экан тақдирда” деректі фильмін суретке алуды бастады.

    Сцинарий авторы Бахтияр Яқубов, режиссер Музаффар Қорабоев, Оператор Равшан Мусаев, суретші Санжар Аминов, композитор Абдулқосим Муинзода, картина директоры Шухрат Балтабаев.

    Фильмде Шафоат Рахматуллаева, Расулхон Қодирхонов, Мухаммадсоли Юсупов, Глеб Голлендер, Миркамол Қарабоев, Юлдуз Пайзиева, Бобур Айтмагамбетов сияқты актерлар рөлдерді сомдауда.

    Қазірде суретке алу істері Ферғана облысының Қоқан қаласындағы Хамза Хакимзада Ниязи үй-мұражайында, Муқими медресесінде, Қоқан Жоме мешітінде,  “Баркомол” балалар мектебінде, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік университеті құзырындағы Қоқан Мұнай және газ өнеркәсібі техникумында  өтуде, деп хабарлады Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.