Ұжым мүшелері ағымдағы жылдың 14-21 апрель аралығында республикалық комиссия ұйымдастырған кастинг арқылы іріктелді. Оған Қарақалпақстан Республикасының, облыстар және Ташкент қаласының белсенді жастары онлайн және офлайн режимде қатысты.
18 жастан асқан, гендерлік теңдік саласында білімі мен дағдысына ие, рухани деңгейі жоғары, дербес ойы бар жас жігіттер мен қыздар іріктелді.
Қатысушылармен «Гендерлік теңдік жетекшісі» ұжымы мүшелерін іріктеу критерийлері негізінде гендерлік теңдік саясаттан хабардар, креативті ойлау, көшбасшылық және бастамашылық қабілетке ие, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары туралы хабардар болған сала мамандары сұхбаттасты.
Бұл үдеріске мыңға жуық жас қатысып, бағалау қорытындысы бойынша «Гендерлік теңдік жетекшісі» ұжымы мүшелігіне өңірлерден бірдей жастар қабылданды.
Бұл ұжым құрамындағы жастар халықаралық сарапшылар өткізетін семинарлар мен тренингтерге қатысуға, тәжірибе алмасуға және оқу дағдыларын шыңдау үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысуға, сондай-ақ Сенат ұйымдастыратын шараларға, форумдар мен конференцияларға қатысуға мүмкіндік алады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.