Салтанатты жиынды Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева құттықтау сөзбен ашты.
«Гендерлік теңдік белсендісі» ұлттық байқауы Әйел-қыздардың қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері бойынша Республика комиссиясының бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Атап өтілгендей, соңғы жылдары әйел-қыздардың құқы мен еркіндігін толық қамтамасыз ету мәселелері жаңадан редакцияланған Конституцияда, «Өзбекстан-2030» стратегиясы мен Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы сияқты концептуалды құжаттарда өзінің толық көрінісін тапқан.
Дүниежүзілік банк индексінде Өзбекстан гендерлік теңдік саласында әлемдегі ең жылдам дамып жатқан 5 елдің қатарына енді.
Ашық гендерлік ақпараттар индексінде ең жақсы 20 мемлекет қатарынан орын алды.
Гендерлік теңдік және басқару индексінде 103-орыннан 51 сатыға көтеріліп, 52-орынды иеледі.
«Гендерлік теңдік белсендісі» ұлттық байқауына қатысу үшін 934 ұйым мен мекемелер тарапынан құжаттар ұсынылды. Олар байқау Комиссиясы тарапынан ереже талаптары негізінде бағаланып, 10 аталым бойынша төмендегілер жеңімпаз деп танылды.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде ең белсенді республикалық деңгейдегі мемлекеттік органы» Өзбекстан Республикасының Ұлттық гвардиясы.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ең белсенді аймақтық мемлекеттік органы» Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ең белсенді аудандық мемлекеттік органы» - «Ammofos-Maxam» АҚ.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ең белсенді аумақтық әкімшілік» Хорезм облысының әкімшілігі.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ең белсенді аудан әкімшілігі» - Шароф Рашидов ауданы әкімшілігі.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ең белсенді ББҰ» Өзбекстанның Ұлттық медиа бірлестіктері мен «Заковат» интеллектуалдық клубы” ББҰ.
«Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ең белсенді кәсіпкерлік субъектісі» – «Акбаржон Баракат» ЖШҚ.
«Гендерлік теңдікті насихаттауға бағытталған ең үздік ТВ-дарлама» - «Адолат» ұлттық құқықтық ақпарат орталығының «Заң клиникасы» бағдарламасы.
«Гендерлік теңдікті насихаттауға бағытталған Интернаттегі ең жақсы веб-сайт немесе портал» – «Oyina.uz» рухани-ағартушылық порталы.
«Гендерлік теңдікті насихаттауға бағытталған ең үздік басылым» - «Янги Сырдарё» газеті.
Жарыс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.