Бүгінгі жиында сала басшылары аталған міндеттердің орындалу барысы, 2024 жылға арналған геологиялық барлау және өндіру бағдарламасы туралы ақпарат берді.
Жиында атап өткендей, бұл жұмыстар екі бағытта –кен орындарындағы газ өндіру көлемін сақтау үшін де, жаңа қорларды анықтау үшін де жүргізілуде. Кейінгі жылдары геологиялық зерттеулер 2-3 шақырымнан 4-5 шақырым тереңдікке дейін түсірілді. Нәтижесінде жаңа газ қоры ашылды, қосымша 4,4 млрд текше метр газ алынды.
Сондай-ақ халықаралық консалтингтік компания тартылып, көптеген перспективалы ұңғымаларды іске қосуға мүмкіндік туды.
Осы жұмыстарды жалғастыра отырып, келесі жылы 3,5 мың шаршы шақырым аумақта сейсмикалық жұмыстар жүргізіп, жаңа барлау ұңғымаларын салу жоспарлануда.
Жиында салалық кәсіпорындарды шетелдік инвестиция тарту және айналым қаражатымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Озық технологияларды әкелу, 6-7 шақырым тереңдікте геологиялық бұрғылауға көшу жайы сөз болды.
Энергия көздерімен дәйекті қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлер мен ірі кәсіпорындар бойынша төлем тәртібін қамтамасыз ету маңыздылығы атап өтілді.