Германия банкінің делегациясы «Ўзбекнефтгаз» АҚ-да қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалармен, трансформациялау үдерістерімен, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу жөніндегі ұсынылған реформалармен таныстырылды.
Сондай-ақ, шетелдік банк тарапынан несие жобалары тәуекелді ескеріп, болашақ жобаларды қаржыландыру бойынша жүзеге асырылып жатқан синдикатталған несие жобаларының ағымдағы жағдайы мен «Ўзбекнефтгаз» АҚ тарапынан халықаралық қаржы базарына орналдастырылған еуробондтар бойынша талданған мәліметтер берілді.
Қазіргі уақытта «Deutsche Bank AG» және «Өзбекмұнайгаз» АҚ ақпарат алмасуды жеделдету мақсатында электронды платформа жасаудың тұжырымдамалық жобасын дайындауда. Келешекте бұл платформа Өзбекстанның инвестициялық базарының тартымдылығын арттыруға, инвесторларды тартуға, банк ұсынатын қаржы құралдарын талқылауға арналған алаңға айналады.
Келіссөздер соңында тараптар ынтымақтастықты дамыту және біріккен жобаларды қаржыландыру бойынша қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.
Анықтама үшін: «Deutsche Bank AG» активтері бойынша Германиядағы ең ірі банктердің бірі саналады. Валюта базарының негізгі қатысушысы болған банк әлемнің 59 еліндегі филиалдары мен өкілеттіктері арқылы 28 миллион клиентке қызмет көрсуде.