Сапар бағдарламасына сәйкес Самарқанд қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Кездесуде Өзбекстан мен Германия арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралады.
Сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық-қаржылық серіктестікті кеңейту, Германияның жетекші компаниялары және банктерімен ынтымақтастықты тереңдету, еңбек миграциясы, экология, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және басқа да салалардағы белсенді байланыстарды жалғастыруға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, аймақтық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу көзделген.
Бағдарлама аясында Өзбекстан Президенті мен Германия Федератив Республикасының Федералдық Канцлері екі елдің іскер топтары өкілдерімен де кездесу өткізеді.