Құжаттарға Экология министрі Азиз Абдухакимов пен GIZ-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Яхим Фритс Самарқантта болып өткен екіжақты кездесуде қол қойды.
Бірінші келісім 2024 жылдың февралынан 2025 жылдың июніне дейін жүзеге асырылатын «Климатты қорғау стратегиялары бойынша саяси диалог және білімді басқару» (DIAPOL-CE) жобасын жүзеге асыруға арналған.
Ақпарат ретінде, жоба серіктес елдерге климатқа қолайлы, тұрақты және экологиялық таза экономикаға өтудің ұзақ мерзімді сценарийлері мен стратегияларын әзірлеуде қолдап-қуаттағауға бағытталған.
збекстанда жоба климаттық өзгерістердің қорғалатын аумақтар мен сулы-батпақты жерлердің ықтималы теріс әсерін зерттеу үшін Судоче көлдерін жүйесіндегі климаттық қауіпі талдауын қолдайды.
DIAPOL-CE жобасын іске асыру аясында төмендегі іс-шаралар көзделген:
- сулы-батпақты жерлерді сақтау және тұрақты басқарудың ұлттық стратегиясын әзірлеу;
- жергілікті, ұлттық және халықаралық келушілерді тарту үшін экотуризмді дамыту концепциясын әзірлеу;
- сулы-батпақты жерлер үшін климаттық қауіпіне байланысты Судоче көлдері жүйесінің мүмкіндіктерін арттыру.
Екінші келісім Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі саласындағы трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Жасыл Орталық Азияның II кезеңі» жобасы аясындағы ынтымақтастықты көздейді.
Жобаның негізгі мақсаты – жобаның бірінші кезеңінде әзірленген және аймақтың барлық елдерімен келісілген Орталық Азияда климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайтудың Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
Осы жоба аясында 2028 жылға дейін қошаған ортаға шығарылатын жылыжай газдарын азайту және клматтың өзгеруіне бейімдеу бойынша әрекеттер жоспарын жаңарту бойынша диалог кездесулері, сапаршылардың көмегі ұйымдастырылады, сондай-ақ, Орталық Азияның бірлескен саяси декларациясын, климаттың өзгеруіне ұшыраған аумақтар мен экономикалық тармақтардың осалдығын бағалау бойынша оқу модулі сияқты құжаттарды әзірлеу жоспарланған, деп хабарлайды Экология, қоршаған-ортаны қорғау және клматтың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.