2021 жылдың 16 июлінде Лар қаласының Edeka орталығына тікелей Өзбекстаннан пәлегінен үзілген қауындар әкелінді.  “Торпеда” немесе  “Мырзашөл” қауыны өзінің көлемі және өзгеше дәмімен белгілі, деп жазды Edeka Kohler –  өзінің Facebokтегі парақшасында.

Супермаркеттегілер  “ өз сөрелерінде осы сирек кездесетін тауардың болғанына қуанышты”.  Бұл қауындар Өзбекстаннан алыста да танылған. Олар негізінен Ресей мен Шығыс Еуропада қадірленеді. Бұл сұрыпты қауындар өзінің ақ реңі,  “тойымдылығымен” , тіл үйірер дәмділігімен және аңқыған исімен ерекшеленеді деп  бейнелейді AgroExpoUzbekistan.

Өзбекстан қауындарымен толтырылған бірінші жүк автомашинасы Лардаги Arena сауда орталығына келіп тоқтады. Сауда орталығына Өзбекстанның Германиядағы елшілігі, сондай-ақ басқа саяси және іскерлер аясындағы қонақтар да келген.

Қауындардың алғаш  рет жеткізілуі — бұл Өзбекстаннан әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдері импорты мен ынтымақтастықтың кеңеюі үшін белгі болып қызмет етеді, деп жазды EastFruit.