Гидрометеорологиялық қызмет: Сәрсенбі күні жаңбыр жауады деп күтілуде

    Ел назарында 27 Mart 2023 3457

    Бүгін Өзбекстан аумағы бойынша ауа негізінен аз бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді.

    Ертең республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек Бұхара, Науаи облыстарында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді.

    Сәрсенбі күні Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында және Ферғана аңғары облыстарында жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың қалған аумақтарында жауын-шашын күтілмейді.

    Жұма күні Өзбекстанның барлық аумақтаныда жауын-шашын күтілмейді.

    Осы аптада ауа температурасы түнде 9-14 градус, күндіз 27-28 март күндері 22-27 градус, 29-31 мартында 20-25 градус шамасында болады.

    27-28 март күндері солтүстік және шөлді аймақтарда, 29 мартта республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде шаң көтерілуі мүмкін.

    28-31 март күндері республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреуі мүмкін.

    Астанамызда: 27-28 март күндері ауа райы аздап бұлтты, уақыт-уақытымен құбылып тұрады, жауын-шашын болмайды, 29-30 март күндері өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреуі мүмкін. Ауа температурасы 27-28 март күндері түнде 9-11 градус, күндіз 24-26 градус, 29-30 март күндері түнде 11-13 градус, күндіз 20-22 градус болады, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің орталығы.