Гүлстан қаласының қоғамдық транспорттарында жолақы автоматтандырылған түрде төленеді

    Көлік 23 Iyul 2021 1485

    Гүлстан қаласының қоғамдық транспорттарында жолақы төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

    Гүлстан қаласының екінші бағытында қатынайтын барлық қоғамдық транспортта жолақы төлемдері ақшасыз жүзеге асыру мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

    Бүгінгі күнде Гүлстан қаласында 11 жолаушы таситын бағыттардағы автобус қатынаулары жолға қойылған. Аталмыш жолаушы таситын бағыттардағы 6 жергілікті таситын кәсіпорындар өздеріне қарасты 54 дана ISUZU маркалы автобустарда жолаушыларға қызмет көрсетіп келуде.

    Қазірде 8 бағытта қозғалатын автобустардың барлығы электронды карталар арқылы төлеулерді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін мобильді валидаторлармен толық қамтамасыз етілді.

    Сондай-ақ, Гүлстан қаласының қоғамдық транспортына жолақыны төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген еліміздегі екінші қала болды. Қазірде жолаушылар Гүлстан қаласы қоғамдық транспорттын пайдалануда төлеулерді бірыңғай транспорт карталары арқылы жүзеге асыру мүмкіндігіне ие.

    Қаланың екі аумағы Гүлстан диқан базары, Ұлы болашақ масивінде бірыңғай транспорт карталарын сату және оларға қызмет көрсету нүктелері ұйымдастырылған.

    Бірыңғай транспорт карталары бүгінде тұрғындарға 5000 сумнан сатылуда. Осы карта балансында 5000 сум бар. Қазірге дейін 700 дана бірыңғай транспорт карталар сатылған, деп хабарлады Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates