Гүлстандық Тулқин Тураев пен Робия Тураеваның отбасында үш егіз сәби дүниеге келді

    Денсаулық 30 May 2022 2747

    Үстіміздегі жылғы 4 январьда Сырдария облысының Баявут ауданындағы Анорзор махалласының 27 жастағы тұрғыны Мафтуна Тошпулатова екі қыз, бір ұл баланың анасы атанды.

    Суреттерді түсірген Мухаммед Карим

    Содан көп ұзамай, Гүлстан қаласындағы Боғишамол махалласында тұратын Тулқин Тураев пен Робия Тураеваға да осындай бақыт несіп етті. Олар да “анорзорлық” Мафтуна сияқты Мадина, Мустафа, Мубинаның сүйікті ата-анасына айналды.

    Сырдария облыстық перинаталдық орталығының директоры, акушер-гинеколог Ханифа Содиқованың, акушер Юлдуз Укибаева, Светлана Мусабекованың көмегімен 15 майда дүниеге келген сәбилер бес күн бойы орталық дәрігерлері мен медбикелерінің бақылауында болды. Қазір Мадинаның салмағы 1,83 келі, Мустафаның орташа салмағы 2,37 келі, ал ең кіші Мубинаның салмағы 1,8 келі болған.

    - Сәбилердің денсаулығы жақсы, – дейді орталық директоры Ханифа Содиқова. – Оларға белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетілді. Он бес күн бойы дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында болды. Ал бүгін біз оларға жауап береміз. Енді олар отбасылық дәрігердің бақылауында болады. Сәбилерді белгіленген тәртіппен күтуге көмектесіп, өзінің практикалық кеңестерін береді.

    Мадина, Мустафа және Мубина гүлстандық Тулқин Тураев пен Робия Тураеваның тұңғыш перзенттері.

    Ғулом Примов,

    Сырдария облысы

    денсаулық сақтау басқармасының

    баспасөз хатшысы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates