Бұл туралы Reuters хабарлады.

Аталғандай, БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш ұйым шілде айының өзінде-ақ қаражатсыз қалуы мүмкін екенін ескертті.

Дағдарысқа кейбір елдердің мүшелік жарналарды төлемеуі және ұйымға жұмсалған қаражатты қайтару міндетін жүктейтін ішкі бюджеттік ереже себеп болған. БҰҰ 2025 жылды мүше мемлекеттердің 1,6 млрд доллар қарызымен аяқтады және 2027 жылы ұйым іс жүзінде жоқ болған 1,3 млрд доллар көлеміндегі пайдаланылмаған қаражатты қайтаруға мәжбүр болады.

БАҚ-тың жазуынша, бұған бірінші кезекте АҚШ тарапынан төлемдер бойынша рекордтық деңгейдегі қарыздар себеп болған. Қазіргі уақытта Вашингтон БҰҰ-ның тұрақты бюджеті мен бітімгершілік миссияларына 4,5 млрд доллардан астам қарыз болып отыр.