Жүргізуші куәлігін ауыстыра алмаған азаматтар айыппұл төлейді ме?

    Бүгін, 2023 жылдың 31 март күні ескі үлгідегі жүргізуші куәліктерін жаңасына ауыстырудың соңғы күні.

    • Яғни, ағымдағы жылдың 1 апрелінен бастап 2010 жылға дейін берілген ескі үлгідегі жүргізуші куәліктері жарамсыз деп табылады.
    • Бұл туралы Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі хабарлады:

    — Жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы өтініш берген кезде немесе оны белгіленген мерзімде ауыстырмай, кейін ауыстыру туралы өтініш берген кезде әкімшілік жаза қолданылмайды.

    Тек автокөлікті басқару құқығын бермейді, яғни мерзімі өтіп кеткен немесе белгіленген мерзімде ауыстырылмаған жүргізуші куәлігімен автокөлікті басқарған адамға Әкімшілік жауапкершілік туралы туралы кодекстің 135-бабымен «құжатсыз көлік жүргізген» ретінде әкімшілік хаттама толтырылады.