Жүргізуші куәлігін алу оңайырақ болады

    Цифрландыру 14 Aprel 2023 4553

    «Ұлттық жүргізуші куәлігін ресмилендіру тәртібін оңтайландырудың қосымша іс-шаралары туралы» Үкіметтің қаулысы (152-санды, 12.04.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2023 жылғы 15 апрельден бастап ұлттық жүргізуші куәлігін, сонымен қатар, Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтері порталы (my.gov.uz) арқылы да өтініш берушілердің тікелей қатысуынсыз беру тәртібі енгізіледі.

    Мұнда:

    - ұлттық жүргізуші куәлігін алуға өтініш берушінің бас бармақ ізі мәліметтері орналастырылады, егер ақпараттық жүйелерде өтініш берушілердің бас бармақ ізінің мәліметтері болмаған жағдайда, өтініш берушілер өзінің қол таңбасы үлгісін электронды түрде ұсынады;

    - ұлттық жүргізуші куәліктерін алуға және ескі үлгідегі жүргізуші куәліктерін жаңасына ауыстыру бойынша өтініштер өтініш берушінің БИМҚП-дағы жеке кабинеті арқылы онлайн ретінде әр күні, демалыс және мереке күндеріне қарамастан, 24 сағат барысында беруге болады;

    - жаңадан берілген ұлттық жүргізуші куәліктерін пошта арқылы алуға болады.

    2023 жылдың соңына қарай барлық қолданыстағы жүргізуші куәліктері жеке тұлғаның жеке идентификация нөміріне байланысты цифрландырылатын болады.