Жүргізушілік куәлікпен банк қызметінен пайдалануға болады

    Ел назарында 17 Yanvar 2025 1442

    Жүргізуші куәлігі арқылы есеп-шотын ашуға, несиелік немесе депозиттік қызметтерді пайдалануға, банктік пластикалық карталарды рәсімдеуге болады.

    Министрлер Кабинетiнiң «Ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын одан әрi арттыру және тәртіп-қағидаттарын жеңілдету жөнiндегi іс-шаралар туралы» қаулысының 6-тармағына сәйкес жаңа үлгiдегi ұлттық жүргізушілік куәлiгiне жеке тұлғалықты растайтын ресми мемлекеттiк құжаты мәртебесі берiлдi.

    Қаулыға сәйкес Орталық банк басшылығы қабылдаған 7 нормативтік-құқықтық құжатқа түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, азаматтар төлқұжаттан бөлек жеке идентификация ID-карталары немесе ұлттық жүргізуші куәлігін көрсету арқылы банк қызметін пайдалана алады.

    Жаңа үлгідегі ұлттық жүргізушілік куәлігі жеке басты куәландыратын ресми мемлекеттік құжат мәртебесіне ие болғандықтан, банктік қызмет көрсету барысында төлқұжаттың орнын баса алады.