Жаңа үлгідегі ұлттық жүргізушілік куәлігін алмастыру мерзімі 2021 жылдың 31 декабрь күніне дейін, ескі үлгідегі ұлттық жүргізушілік куәлігі және автомототранспорт тіркеуден өткізілгендігі туралы куәліктер 2022 жылғы 1 январьдан бастап жарамсыз деп саналуы белгіленген еді.
Ұсынылған қаулы жобасына қарағанда, жүргізушілік куәлігін алмастыру мерзімін үш айдан бір жылға дейін ұзарту көзделген. Аталмыш қаулы жобасының қабылдануы мемлекет бюджетінен қосымша қаржылар бөлінуін талап етпейді. Құжат Әділет министрлігі құзырындағы Мемлекеттік агенттіктің бастамасымен жасалған.