Көлік құралдарын айыппұл алаңынан шығару үшін электронды рұқсат беру жүйесі енгізілуі мүмкін

    Азаматтар үшін көліктерді айыппұл алаңынан шығару үдерісі жеңілдей түсуі мүмкін.

    Осыған байланысты Министрлер Кабинетінің қаулысы жобасы regulation.adliya.uz порталында қоғамдық талқылауға қойылды.

    Жобаға орай, көлік құралдарын айыппұл алаңынан шығару үшін енді Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметіне дәстүрлі қағазбастылықтың орнына енді Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтері порталы (БИМҚП), Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе арнайы мобильді қосымша арқылы көліктерді айыппұл алаңынан шығаруға электронды рұқсат алу мүмкіндігіне ие болады.

    Жаңа тәртіп азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, артық әуре-сарсаңдарды азайтады деп күтілуде.

    Жоспарға орай,

    • 2025 жылғы 31 июльге дейін БИМҚП, Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мобилді қосымшасы арқылы көліктерді айыппұл алаңдарынан әкету үшін электрондық рұқсат алу бойынша мемлекеттік қызмет іске қосылады;
    • жеке және заңды тұлғалар көлік құралдарын айыппұл алаңынан шығаруға электронды рұқсат алу үшін Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасына дәстүрлі түрде (ауызша немесе жазбаша) жүгіне алады.

    Айта кетейік, электронды рұқсат QR-код түрінде беріледі және оны өкілетті органдар тарапынан автоматтандырылған жүйе арқылы тексереді. Бұл үдерісте Мемлекеттік үдерісте БИМҚП мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара интегарцияланады.

    Президенттің ішкі істер органдарын цифрлық трансформациялау туралы қаулысының орындалу аясында дайындалған бұл қаулы жобасы азаматтар мен мамандар тарапынан кеңінен талқылануда.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates