Автомобльді басқару үшін сенімхатқа шетелге көлікті алып кіру құқығын енгізу ұсынылуда

    Министрлер Кабинеті автокөлік құралдарына қатысты сенімхат беру тәртібін жетілдіру жөніндегі құжат жобасын әзірледі.

    Жобаға сәйкес, сенімхат арқылы автомобильден пайдалануда оны шет елге шығаруға құқығы бар немесе жоқ екенін бөлек көрсету қажет болады. Бұл туралы қаулы жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды.

    Құжат жобасы көлік иелерінің құқықтарын сенімді қорғауға, шетелге алып шыққан көліктерге қатысты туындап жатқан құқықтық дауларды азайтуға, сенімхат арқылы берілетін өкілеттіктерді нақтылауға бағытталған.

    Жобада не ұсынылған?

    2006 жылғы 38-санды қаулыға қосымша:

    Сенімхатта: «Автокөлік құралын шетелге алып шығу құқығы бар» немесе “жоқ” деген сөзді міндетті түрде жазу ұсынылуда.

    2020 жылғы 726-санды қаулысына өзгеріс енгізу туралы.

    Нотариустар сенімхатты жасаған кезінде осы құқық туралы жеке белгі қоюға міндетті.

    2023 жылғы 613-санды қаулысына өзгерту енгізу:

    Тіпті электронды сенімхат түрінде де шетелге алып шығу құқығы бар немесе жоқ екені нақты көрсетілуі талап етіледі.

    Соңғы жылдары сенімхат негізінде көліктен пайдалану жағдайлары көбейді. Кейбір жағдайларда сенімхат арқылы берілген көліктер шетелге шығарылып, қайтарылмай жатады. Құжатта келтірілген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы 50-ге жуық азаматқа тиесілі көліктер әкетіліп, қайтарылмағаны анықталды. 2025 жылы июнь айдың өзінде 8 осындай жағдай тіркелген. Жобада осы сияқты даулардың алдын алуына бағытталған.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates