Жануарлар патшасының демеушісі

    Жұртты дүрліктірген — «Паркенттегі бір отбасында 3 арыстан бағылуда, мұны кім бақылайды?» деген тақырыпта мақала әлеуметтік желілерде жылдам тарады.

    Бұл жағдайды әркім өзінше бағалады, әрине. Ешқандай құжаты жоқ жыртқыштарды тұрғындар арасында бағып жатқаны және оларға қатыгездік жасағаны туралы ақпараттар көпшіліктің наразылығын тудырды. Барлық құжаттары бар, арыстандарға жағдай жасалғаны белгілі болды ...

    Кәсіпкерді тыңдаған әкім

    Еш ойымнан кетпейді, арыстанды үйде асырауға бола ма? Оның үстіне біреу емес, үш жыртқыш?

    Айқай-шу шыққан күннің ертеңіне мен Паркент ауданы әкімінің қабылдауында болдым. Аудан әкімі Шохрух Шоахмедов кәсіпкермен жылы шыраймен сұхбаттасқан. Әлеуметтік желіде жаңалық шыққан күні-ақ, әкім сол үйге барып, арыстандарды көріп, мән-жаймен танысқан. Кәсіпкер арыстандарды ұстауға тиісті құжаттарын көрсетіп, арыстаннан басқа бұғы, түлкі, қасқыр сондай-ақ, басқа көрші мемлекеттерден халықаралық Қызыл кітапқа енген аю, гепард, жираф сынды ондаған жануарларды көрші елдерден сатып алғанын, қазірде еліміздің түрлі жерлерінде сақталып жатқанын айтқанда таңғалды. Әкім осындай бастаманы күткен сияқты, кәсіпкердің Паркент ауданында хайуанаттар бағын ашу жобасын, ниеті шын екенін көріп, жиырмаға жуық арыстанды бағып, саяхатшыларға арналған «Сафари» ұйымдастыру жобасын талқылады.

    Арыстанға қызығатын доцент

    Хикматилла аға қарапайым, шыншыл адам екен. «Паркент тонги» редакциясына шақырғанымызда, олар қуана келді. Шағын денелі арыстан бағушыға ұжымдағылар таңырқай қарады. Өйткені, аң патшасын қолға үйрету, жүрек жұтып торға кіру, арыстанды сипалап еркелету, бұларды елестету, сену қиын әрине.

    Хикматилла Ахмедов – доцент, тарих мұражайында ғылыми қызметкер, бірнеше жылдар хайуанаттар бағында жұмыс істеп келеді екен. Ол кісі бізді үйіне шақырды: «Жақсысы үйге барып, көріңіздер, көріп, біліп аласыздар!».

    Ұсынысқа келісіп, таңертең ерте жиналып, жолға шығуды жоспарладық.

    Арыстан тордан шықса ше?

    Біз жеткенде сағат 9 болды. Хикматилла ағаға телефон соғып, жол сұрап бардық. Адамдар жасайтын мекендерден шалғай, суы кеуіп кеткеніне неше ғасырлық ескі сай жолымен келе жатқанда, «суретке түсіп жатқанда тордан арыстан шықса ше» деген ойдың мазалағаны да рас.

    Арыстандарды күтіп-баптап жатқан үйге кіргенімізде, иттердің көптігіне көзім түсті.

    Әлеуметтік желіде арыстандарға иттің етін береді деп жазылған хабар есіме түсті. Болмаған сөз! – дедім өзіме-өзім. Иттер бұл жерлерді мекендеген болса, демек оларға жақсы күтім жасалған. Редакторымыз ішіміздегі сұрақты дөп басып, Хикматилла ағаға сұрақ қойды. Олар жабайы иттерді бағуға арнайы рұқсаты бар екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол әлеуметтік желідегі бұл жаңалыққа ренжіген көрінеді.

    «Арыстандар жыртқыш болса да, иттің етін жегенін естіген емеспін, дейді Хикматилла аға. Әлеуметтік желідегі бәрі өтірік сөз, біз арыстандарды арнайы азықпен тамақтандырамыз. Әртүрлі витаминдер, қоян, тауық етін жейді. Күніне 15 келі ет, жұмыртқа береміз. Сол себепті арыстандардың дені сау және салмағы да жоғары.

    Жолақта бір қарағанда күшіктей келетін арыстан баласын көріп таңғалдым. Екі айлық арыстанның баласы бізді қарсы алған кезде, көпшілік болғанымыз жақпады ма, үлкен қанжар тістерін көрсетіп ырылдады.

    Жабайы күлімсіреу

    Мен арыстанның баласына соншалықты жақын болғанымды байқамай қалып, арыстандар жатқан тордың жанына барғанымды сезбей қалдым. Тордың ішінде екі үлкен мысыққа ұқсас жыртқыш көздерін ашып қарап қалды. Басы үлпілдек үлкен мысыққа ұқсас жыртқыш, жасыл көздері, көзінің ішіндегі жыртқыштыққа тән қарашығы маған ұнамады. Көзге қарау үшін жақындау керек, ал арыстанға жақындау өлімді білдіреді. Біз өз ұжымымызбен арыстандарды тамашалай бастадық. Хикматилла аға арыстанның мазасын алып, торға жақындамауды ескертті. Ол тордан қолын ұстап арыстандарды тыныштандыруға тырысты. Арыстандар осылайша, бірі тынышталып, екіншісі ақырып тұрды.

    Журналистке шабуыл

    Арыстандарды бір-бірімізбен талқылай бастадық, еркегі жуас, ұрғашысы жыртқыш болады. Бұл табиғатынан шығар, өйткені арыстандар тұқымдасында ана арыстандар аң аулайды. Кенет тордың қасында арыстандарға қарап отырған Шухрат ағаға ұрғашы арыстан тап бермекші болды. Бұл бір сәтте күтпеген әрекеттен шошып түстік.

    Сыртынан қарасаңыз, ана арыстан ұстазымызға бар күшімен тасталды, оны нысанасынан тек темір торлар ғана ажыраттып тұрды. Олардың жабайы және бір орында тұруға сенгісіз екенін біле тұра, арыстандарды суретке түсіруге торға жақындай да алмадық. Арыстандар өз мінездерін көрсетті ғой, жыртқыш аңдардан тағы не күтуге болады? Біз күмәнданған тордан жанымыз жай тапты.

    Біз хайуанаттар бағын ашқалы жатырмыз

    Хикматилла аға арыстандарды бұрын да баққандықтан, арыстандар иісінен танып, отбасындай қабылдап, оған қарсылық көрсетпейді екен. Арыстандармен жайбарақат сөйлесіп, ойнап, жалын сипап отырған Хикматилла аға, әйелі үш баласы арыстандарды мысықтай еркелетеді.

    — Алдағы уақытта хайуанаттар бағын ашып, арыстандарды осында өсіріп, генетикасын зерттеп, жаңа түр алуды жоспарлап отырмын, - дейді Хикматилла Ахмедов. – Біз хайуанаттар бағын салғанда сирек кездесетін жануарлар түрлерін, тіпті бауырымен жорғалаушылар тұқымдасына жататын питон, кобра, анаконда сияқты жыландарды, жәндіктер, шөпқоректілер, құстар сыныбына жататын барлық тіршілік иелерін әкелеміз. Қазір олар еліміздің шекарасында арнайы контейнерлерде сақталуда. Паркент ауданының әкімі жер мәселесіне көмектесуге дайын екенін айтты.

    Ең бастысы, біздің іс-әрекетімізді қолдайтын осындай басшылар бар. Паркентте «Сафари» - саябақ ашып, туризмді одан әрі дамытып, халықты жұмыспен қамтамасыз еткіміз келеді. Ең бастысы, мұндай бақ Орталық Азияда бірінші болады. Егер жер мәселесі шешілсе, жақын арада хайуанаттар бағын салуды бастаймыз!

    Жануарлар патшасының жебеушісінің сөзін ықыласпен тыңдай отырып, адам арманының, тілінің, ерік-жігерінің күші жабайы аңдарды қолға үйретіп қана қоймай, халық игілігіне жарайтын ғажайып идеяларды жүзеге асыруына тағы бір рет көз жеткіздік.

    Достонбек Шарипов,

    «Паркент тонги» мухбири.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates