Қытайдың энергетика мен инфрақұрылымды дамыту саласында жетекші орында тұрған «Henan Investment Group» компаниясы құрылыс, өнеркәсіп, энергетика, экология және денсаулық сақтау бағыттарында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда компанияның активтері 50 миллиард АҚШ долларынан асады.
Кездесуде Өзбекстанда көмір кендерін игеруде заманауи технологияларды енгізу, заманауи электр станциялары мен энергия сақтау жүйелерін жобалау және салу, биопродукция өндірісін жолға қою, қалдықтарды қайта өңдеп, таза энергия өндіру секілді бірқатар ынтымақтастық жобаларының нақты қырлары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қытай компаниясы қатысатын жобаларды уақытылы жүзеге асыру үшін арнайы «жол картасын» қабылдау жөнінде тапсырма берді.









